Ауған соғысы ардагерімен кездесу «Ерлік ешқашан ұмытылмайды»

2021 жылдың 15 ақпанында оқушылар Ауған соғысының ардагері Каирбаев Сүйіндік Әндірұлымен жүздесіп қайтты. Кездесудің мақсаты ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету. Сүйіндік Әндірұлы өз естеліктерімен бөлісіп, ерліктері туралы баяндапжастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға, бейбіт өмірдің бағасын білуге шақырды.  Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету, есімдерін қастерлеу,  басы аман, бауыры бүтін көзі тірілеріне құрмет көрсету ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ!

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.