Бірыңғай республикалық онлайн-адалдық сағаты өтті

Малайсары   орта мектебінде бірыңғай республикалық
онлайн-адалдық сағаты өтті
Ағымдағы жылдың 18 мамырында оқушылар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған «Адалдық сағаты» тоқсан сайынғы республикалық акциясын өткізді.
Айта кету керек, төтенше жағдай жарияланғанға дейін бұл акция лекторлардың білім беру мекемелерінің оқушыларымен тікелей кездесуі арқылы өткізілген болатын. Алайда, қазіргі таңда «Адалдық сағаты» онлайн форматында өтті.
«Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» – қазақ ақыны мен ағартушысының шығармашылығына арналған тақырыптағы республикалық «EL ARNA» және «Balapan» телеарналары, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасы мен оның аумақтық департаменттерінің, «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы көрсетілімдер ұйымдастырылды.
Президент Қ.Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайды білу – өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы – жетілудің көрінісі. Бүгінде Абайдың сөзі жас ұрпақтың бағдары болуы тиіс», – деп атап өтті.
Аталған акция аясында республика бойынша жоғарғы оқу орындары және колледждердің 1-курс студенттері мен 9-11-сынып оқушылары қамтылды. Малайсары  орта мектебінің 9-11-сынып  арасында 25 оқушысы,    3 мұғалім қатысты

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.