МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ

«Аbai.institute»2020 жылғы 18 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында қазақ тілін Қазақстанда және шетелде оқыту және ілгерілету бағдарламасы шеңберінде әзірленген «Аbai.institute» веб-порталы таныстырылды. Бұл-еліміздің азаматтарына, шетелдегі қазақ диаспорасына және шетел азаматтарына қазақ тілін, әдебиеті мен мәдениетін насихаттауға мүмкіндік беретін бірегей жоба. Сондай-ақ, «Аbai.institute» Android және iOS қолдайтын мобильді қосымшада қолжетімді. Жоба Гете институты немесе Пушкин институты негізінде жасалған.

«Tilqural.kz» – қазақ тілін оқытуға арналған веб-сервис. Сайтта қазақ тілін білмейтін ересектерге А1, А2, В1, В2, С1 деңгейлерінде тіл үйренуге мүмкіндік беретін онлайн-курс бар.

«Tilmedia.kz» – 2017 жылы құрылған үштілді «Tilmedia.kz» сайты қызықты және тиімді тәсілдер арқылы қазақ тілін үйренуге болады.

«Вalatili.kz» сайты қазақ тілін оқып, дамытқысы келетін үш жастан асқан балаларға, сонымен қатар бала тәрбиесі мен оқытуды жүзеге асырушы тәрбиешілер мен мұғалімдерге, ата-аналарға арналады. Сайт интуитивті іздеу жүйесі мен ыңғайлы навигация жүйесі бар онлайн платформа негізінде жұмыс істейді.

«Emle.kz» сайты қазақша дұрыс жазу, жұртшылықтың тіл мәдениетін көтеру мақсатында құрылды. Деректер базасында қазақ тілінің өзекті орфографиялық сөздігі, орфография ережелері, осы салаға қатысты ғылыми әдебиеттер бар.

«Termincom.kz» – сайты Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы терминологиялық комиссия бекіткен терминдерді бірыңғай электрондық базаға үздіксіз енгізу, қазіргі заманғы ғылым, білім, техника және экономика, қоғамдық-әлеуметтік бағыттар бойынша салааралық терминологиялық қорды біріздендіру және жетілдіру мақсатында құрылды.

2020-2021 оқу жылы  “Малайсары  жалпы орта білім беретін  мектеп” мемлекеттік мекемесі жанындағы  шағын  орталықтың жылдық  жұмыс жоспары 

2020-2021 оқу жылы  “Малайсары  жалпы орта білім беретін  мектеп” мемлекеттік мекемесі жанындағы  “Күншуақ”  шағын  орталығының күн тәртібі 

2020-2021 оқу жылы  “Малайсары  жалпы орта білім беретін  мектеп” мемлекеттік мекемесі жанындағы  “Күншуақ”  шағын  орталығының сабақ кестесі

2020-2021 оқу жылы  “Малайсары  жалпы орта білім беретін  мектеп” мемлекеттік мекемесі жанындағы  “Күншуақ”  шағын  орталығына  толық күн   тобына  келетін  “Жұлдызша” тобы   тәрбиеленушілерінің  тізімі

2020-2021 оқу жылы  “Малайсары  жалпы орта білім беретін  мектеп” мемлекеттік мекемесі жанындағы  “Күншуақ”  шағын  орталығының кезекші  тобына  келетін  “Жұлдызша” тобы   тәрбиеленушілерінің  тізімі

2020-2021 оқу жылғы мектепалды сыныбы бар мектептер туралы мәліметтер