Кəсіподақ ұйымы

   Жаксымбетова Жанна Манатовна

 Жоғары біліктілік деңгейдегі  бірінші   санатты басатушы   сынып  мұғалімі, 2019 жылдан бастап   кәсіподақ ұйымының  төрайымы ретінде тағайындалды.

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ «КӘСІПТІК ОДАҚТАР ТУРАЛЫ» 

2018-2019 оқу жылы Малайсары жалпы білім беру орта мектебінің кәсіподақ ұйымының жылдық жұмыс жоспары

2018-2019 оқу жылы Еңбек қорғау және қауіпсіздігінің техникалық инспекторының жылдық жоспары

2017-2018 оқу жылы

Тазалықшылар күніне арналған салтанатты жиын 

7 қыркүйек Малайсары жалпы орта білім беру мектебінде Тазалықшылар  күніне орай  салтанатты жиын өткізілді. Көп жылдар бойы  осы салада еңбек етіп, еңбектері бағаланып  Шайхина С.К., Братмаер А.А. алғыс хаттармен марапатталды. Кәсіподақ ұйымының төрағасы Н.Иманбаев ,  мектеп жұмыскерлерін құттықтап,бағалы сыйлық табыс етті.

Ұстаздар күні 

Ұлағатты Ұстаздар күніне орай өңіріміздің әр аймағында мерекелік іс-шаралар өтуде. Дәл осындай мерекелік басқосу ауыл әкімдігі қызметкерлері мен мәдениет үйі мамандарының ұйымдастыруымен Малайсары ауылындағы мәдениет үйінде өтті. Мерекелік шараны ауыл әкімі Ж.Комашева ашып, ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтап, ыстық лебізін білдіріп, ізгі ниетін жеткізді. Сонымен қатар, мектеп директоры А.Жетыбаева бірқатар жоғарыдан көрініп, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп жүрген білім ошақтарының ұстаздарын алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат жасады. Олар: Муктаева М.И, Океш Маржан, Тауова А.Р. Мәдениет үйінің директоры С.Омирбеков құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздарға дастархан жайып, өнерлі жастар ән-күймен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ардагер ұстаздарды мерекемен құттықтау

    07 қазан күні ұстаздар күніне орай Малайсары мектебінің ұжымы және кәсіподақ  ұйымының төрағасы Н.Иманбаевтың ұйымдастыруымын Малайсары мектебінде көп жылдар еңбек  еткен, ардагер ұстаздарды құттықтап, құрмет көрсетті. Көктөбе ауылында тұратын ардагер ұстаз  Ж.Арыкпбаев,Павлодар  қаласында тұратын  Хамдеев Г.Х., Касенова Р.Т.,Балтабаева Р.И.,Ибраева Д.А., Узханова Ш.Н.,Муканова М.С., Токтамысова Г.Т., Несипбаев Ж.Т

Зейнеткерлік жасқа жеткен кітапханашымыз

Алмагүл Кәрімқызы!

 

 

 

 

 

 

 

Жаны таза, жүрегі жұмсақ, көңілі көктем, пейілі дарқан жандардың бірі   кітапхана саласында көп жылдар бойы өнегелі еңбек еткен Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің кітапханашысы Толеуова  Алмагүл Кәрімқызы бүгінгі күні  құрметті зейнеткерлік демалысына шығып отыр.    Алмагүл Кәрімқызы 10 қазанда 1959 жылы Май ауданы, Малайсары /бұрыңғы Киров/ауылында дүниеге келген.  1979 жылы Гурьев мәдени-ағарту училищесін «Кітапхана ісі» мамандығы бойынша  аяқтап, өзінің туған жері Киров совхозына оралып,  ауылдық  мәдениет үйіне  кітапханашы болып қызметке орналасты.  2003 жылдан бастап мектепте кітапханашы қызметін атқарып келеді. 38 жыл істеген еңбегі де еш зая кеткен жоқ, әрбір кезеңдерде мақталып, марапатталып, сый-құрметтерге ие болды. Ауылдық, мектеп кітапханаларында ұзақ қызмет жасай жүріп көптеген ізбасар жастарды тәрбиеледі. Кітап қорындағы әдебиеттер мен мерзімді басылымдардағы материалдарды пайдалана отырып болашақ ұрпақты көзі ашық, көкірегі ояу халқымыздың асыл қазынасы салт дәстүрін сүйетін жерін, елін қадірлейтін иманды инабатты, да ибалы адамгершілігі мол етіп тәрбиелеуде түрлі мәдени көпшілік жұмыстар жүргізді
Ауылдың, мектептің кітапханашы ғана емес, тілінің, елінің жанашыры екенін бірден көруге болады.
Алмагүл апайымыз сияқты бар өмірін кітапханаға арнаған, кітапханамен бірге әдемі қартая білген асыл жандарымыз аз-ақ.
Алмагүл Кәрімқызы 58 жасқа толған мерейлі тойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып,
жүрек жарды жылы лебіздерімізді жолдаймыз!
Бүгінде ұжымымыз Сізді үлкен абырой-беделге ие болған тәжірибелі, үздік маман ретінде құрмет тұтып сыйлайды.
Денсаулығыңыз мықты, жүзіңіз жарқын, ғұмырыңыз ұзақ та мағыналы болсын деген ізгі ниетпен Сізге бақыттың баяндысын, дәулет-ырыстың Сыр суындай сарқылмасын, табыс-тартулардың тау суындай таусылмасын тілейміз. Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!

ҰСТАЗ-ҰЛАҒАТТЫ ЕСІМ

Мектеп – білім теңізіндегі үлкен кеме. Біз осы кемеде он бір жыл білім аламыз. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, таудай болып шығамыз. Алғашқыда әріп пен санды жазу қиынға соғады. Бірақ ұстаздың арқасында барлық қиындық артта қалады. Бүгінгі біздің шын жүректен ақтарылған сөзіміз, бөлісер жан сырым ұстаз туралы болмақ. Дүниеде оқушыға ұстаздан  жақын кім бар? Біздің де  сүйікті ұстазымыз бар.  Ол ұстаз Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің ағылшын пәнінің мұғалімі Галия Калманқызы. Жоғары сыныпқа  барғанда ұстазымыздың сабақ бергеніне сондай жақсы көрдік, әлі де солай. Ол кісінің сабақты  түсіндіргеннен кейін кітапты оқымай-ақ бәрін ұғып алуға болады. Сабақты бар ынтасымен, бар көңілін бізге арнап ұғындырады, түсіндіреді… Ұстазымыздың айтқанын тек біз ғана емес барлық  оқушылар да сүйсініп тыңдайды., сабақ беру тәсілі арқылы оқушыны өзіне еріксіз баурап алады. Жүрген жерінде үнемі жақсылық, ынтымақ, ізгілігін таратып жүретін ұстаз.

Урюмова Сайраш Рахадылқызы”Аялы алақан”

номинациясына ие болды.

29 қыркүйек күні Павлодар қаласында өткізілген облыстық “Мектептің жүрегі -мұғалім” атты салтанатты жиында “Аялы алақан” атты номинацияға мектеп алды даярлық сыныбының тәрбиешісі Урюмова Сайраш Рахадыловна ие болып, дипломмен марапатталды. Бағалы сыйлыққа ие болды. /ноутбук/ Мектеп ұжымы шын жүректен Сайраш Рахадыловнаны құттықтайды, шығармашылық табыс тілейміз.

Ауданымызда мұғалімдер күніне арналған

салтанатты жиын өтті

2017 жылдың 28 қыркүйек күні ауданымызда  білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Мерекеге аудан әкімі А.Қаңтарбаев, білім саласының еңбек ардагерлері және педагогтар мен білім мекемелерінің басшылары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, халықаралық, республикалық және облыстық сайыстарының жеңімпаздары қатысты.Қызметтерінде  үздік нәтижеге жеткен Май ауданның ұстаздары марапатталып,   сыйлықтарға  ие болды. Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің география пәнінің мұғалімі А.Аукенова “Үздік география пәнінің мұғалімі”, бастауыш сынып мұғалімі Аушахманова Гульмира Ахметсапаровна “Үздік бастауыш сынып мұғалімі” атты номинацияға ие болды. 10 жыл үздіксіз ілім беру саласында еібек атқарған үшін  бастауыш сынып мұғалімі Жаксымбетова Ж.М. мен физика пәнінің мұғалімі Жумабекова |Г.С алғыс хатпен марапатталды. Білім саласының еңбеқ ардагерлеріне еңбектерінің зейнетін көре отырып, қоғамдық өмірге белсене қатысқан үшін алғыс  білдірілді. Ұстаздардың  кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын балалардың шығармашылық ұжымдары дайындаған мерекелік концертке  ұласты.

Жидебай Арықбайұылының шығармашылық кеші өтті

7 ақпан күні Малайсары ОМ Жидебай Арықбайұылына арналған шығармашылық кеш өтті.

 

 

 

 

 

 

 

60 жас мерей той

Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің орыс тәлә мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жаксымбетова Мапруза Кумаровнаның 60 жас мерей тойын атап өттік.

 

 

50 жас мерей той

08 мамыр күні 2018 жылы Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мукатаева Майра Ильясовнаның мерейлі 50 жасын атап өттік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017  оқу жылында

Ұстаздар  мерекесін мерекелеу

 img_8473 img_8506

Мектеп жұмыскерлерін құттықтау

img_8119  img_8096  img_8121

Зейнеткерлікке  шығу