Мектеп кітапханасына “Білімді ел” газетін сыйлауда

Павлодар қаласының педагогикалық шеберлік орталығының тренері,мектеп түлегі Ибраева Айман Рахимжановна екі жыл қатарынан мектеп кітапханасына “Білімді ел” газетін сыйлауда.Бір жыл бойы мектеп ұстаздары,оқушылары газетті үзбей оқуда.Мектеп қабырғасында білім алған түлектер арман қуып әр тарапқа кеткенімен, артта қалған ауылын, білім алған мектебін естен шығармай, өз үлестерін қосып,үлгілі адамгершілік қасиеттерімен ұмытылмайды. Осындай істер келешек жастарға өнеге болары сөзсіз. Айман Рақымжанқызына оқушылар,ұстаздар атынан ризашылығымызды білдіріп, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, ісіңізге сəттілік тілейміз.

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.