“Мен OFFLINE” республикалық кең ауқымды балалар науқаны өтті

2020 жылдың 27 қаңтар күні халықаралық интернетсіз күніне арналған “Мен OFFLINE” республикалық кең ауқымды балалар науқаны өтті. Науқанның мақсаты-интернет тәуелділіктің алдын алу, интернетті пайдалану мәдениетін арттыру, кәмелетке толмағандардың интернет белсенділігі үшін ересектердің жауапкершілігін күшейту. Сынып сағаттары, оқушылар мен ата-аналармен интернетсыз халықаралық күн туралы әңгіме жүргізілді. 1-4 сынып оқушылары “интернетсыз күнді қалай өткіздім” суреттер байқауына, 5-11 сынып оқушылары “Мен OFFLINE” эссе байқауына қатысты. Жоғары сынып оқушылары қардан мүсін жасап, шаңғы жарысына белсене қатысты.

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.