“МӘНГІЛІК ЕЛ ” ҰЛТТЫК ИДЕЯ

Біз, байырғы қазақ жерінде бір тағдыр және тарихи жады арқылы байланысқан, Ұлы дала елінің даңқты тарихы мен дәс­түр­лерін жалғастырған Қазақстан аза­маттары, көптеген ұрпақтың Тәуелсіздік ту­ралы арманын іске асырып, болашақ ұр­пақ алдындағы қасиетті парызымызды, бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен тұтас­тықтың маңыздылығын сезініп, қоғам мен мемлекеттің жоғарғы мүдделерін негіз­ге ала отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында осыны қабылдаймыз.

МӘҢГІЛІК ЕЛ – ПАТРИОТТЫҚ АКТІСІН

Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың көшбасшылығымен жаңа Қазақ­стан­ның тарихын жазудың биік мәртебесі мен жауап­­кершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді.
Елбасының маңына топтасу арқылы біз ұлы жетістіктерге толы жолдан өттік және бү­гінде өзімізді Тәуелсіз Қазақстанның – қуат­ты әрі табысты мемлекеттің азама­ты­мыз деп мақтанышпен айтамыз.
Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік тол­ғауын» негізге ала отырып, Болашағы бір­тұ­тас  ел – Мәңгілік Елді құру жолында бір­г­еміз.
Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қым­бат ақиқаттар – отбасымыздың аман­дығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақ­тылық, қауіпсіздік және бірлік, ер­тең­гі күнге деген сенім ұғымдары орнық­қан.
Біз Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұ­ғы­рын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан-ұрпақ­қа аманат етуге шақырамыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Тәуелсіздік және Аста­на.
Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссиясына адал боламыз.
Біз Аста­наны халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі ретінде әр­қашан мақтан тұтатын боламыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
Біздің Отанымыз бір, ол – Тәуелсіз Қа­зақ­­стан, біздің еліміз бір – тағдырымыз ор­­тақ.
Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады.
Мәңгілік ел, бұл – Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.
Азаматтық және рухани құнды­лық­тар­дың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзі­мізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкін­дік берді.
Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық сұхбатын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Инновация не­гізін­дегі тұрақты экономикалық өсім.
Біз мемлекеттің индустриялық және ин­н­овациялық күш-қуатын дамытып, та­би­ғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқып­ты­лықпен қарап, қоғамда білім мен ғалым­дық культін елдің зияткерлік іргетасы ре­тінде бекітетін боламыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыға ортақ еңбек қоғамы.
Елдің барлық табыстары мен жетіс­тік­тері – барша қазақстандықтардың күн сайын­ғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Біз елдің әрбір азаматының жасам­паз­дық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жа­сай отырып, еңбексүйгіштік және жауап­­кершілік, Еңбек адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайта­мыз.
Мәңгілік Ел, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақ­тайтын боламыз.
Біз Қазақстан халқының мәдени әралуан­дығын арттыра түсеміз.
Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктіру­дің негізі, үштілділікті елдің бәсекеге қабі­лет­тілігінің басты шарты ретінде дамыту қа­ғи­датын ұстанатын боламыз.
Біз – Үлкен ел – Үлкен отбасымыз.
Мәңгілік Ел, бұл – Ұлттық қауіпсіздік жә­не Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проб­лемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз.
Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір аза­маттың, өз елі патриотының қасиетті па­рызы болып саналады.
Біз бейбітшілік пен келісім идеясын іл­ге­рілете отырып, еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз.
Біз Мәңгілік Елдің қастерлі құндылық­тарын басшылыққа аламыз.
Біз Отанымыздың көк байрағын асқақ­тата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде желбірететін боламыз.
Бұл – біздің болашақ ұрпақ үшін, Қа­зақ­стан халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз!

Біртұтас еліміз – Мәңгілік Ел қуатты
болсын!
Қазақстанның мәңгілік мекені –
Ұлы дала еліне бата қонып, бақ дарысын!
Алға, Қазақстан!

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша әдістемелік құрал