Онлайн форматында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті

Мектебімізде 2020 жылдың 7 қыркүйек күні онлайн форматында мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Мектеп әкімшілігі ата-аналарды мазалап жүрген сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ оқушы мен мұғалім, мұғалім мен ата-ана арасындағы кері байланысқа баса назар аударылды. Ата-аналарға көмек ретінде қашықтан оқытуды ұйымдастыру туралы жадынама ұсынылды. Онда қашықтан оқытуды сәтті жүргізу үшін әдістемелік нұсқаулар көрсетілді. Техникалық немесе басқа да талас тудыратын сәттер бойынша жік-жігімен түсіндірілген презентация көрсетілді.
Психологиялық қолдау көрсету мәселесі жеке түсіндірілді. Ата-аналарға түрлі сұрақтар бойынша тәрбие ісі меңгерушісінен, психологтан, әлеуметтік педагогтен кеңес алу мүмкіндігі ұсынылды. Штаттық режимде жұмыс істейтін “кезекші сыныптар” оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда санитарлық-эпидемиологиялық және алдын алу іс-шаралары туралы түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.