“Отбасы-бақыт мекені” атты челлендж өтті

Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар ошақ қасы, алтын бесігі ғана емес, ол – шағын мемлекет. Отбасы – әлеуметтік қауымдастықтың бір түрі. Ал, отбасы тәрбиесі – ұлттық тәрбиенің негізі болып табылады.
Отбасы  күніне  орай “Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп” мемлекеттік мекемесінде оқушылар арасында “Отбасы-бақыт мекені” атты челлендж өтті. МАД 1-4 сыныптар, яғни бастауыш сыныптар арасында оқушылар сурет салса, 5-11 сынып оқушылары шағын бейнеролик жасап белсенді қатысты. Бұл іс– шараның мақсаты: оқушыларға отбасы — адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі екенін түсіндіру, олардың  бойында  отбасына, отбасы мүшелеріне  деген сүйспеншілігін  арттыру.

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.