Психологиялық марафон

06 ақпан күні “Өзін-өзі тану” апталық аясында мектепте “Психологиялық марафон” өткізілді. Бұл марафонның мақсаты: танымдық үрдістерге оқушыларды қызығушылықтарын   арттыру, дамыту, зейінділікке, тапқырлыққа тәрбиелеу. 5-7 сынып оқушыларына ұйымдастырылды. Марафон 5 тапсырмадан құралған.Оқушылар 3 топқа бөлінді “Дарындылар”, “Тапқырлар”, “Білімділер”. Бірінші тапсырма қабылдау қабілеттерін байқау үшін, суретте жасырылып тұрған бейнелерді табу. Екінші тапсырма ойлау анаграммаларды шешу. Оқушылардың қиялдарын дамыту мақсатында “Аяқталмаған сурет” әдісі бойынша тапсырма берілді. Бесінші тапсырма берілген сандарды есте сақтау. Оқушылар белсенділік танытып,ұйымшылдықпен жақсы қатысты, жақсы жағынан өздерін көрсете білді.

 

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.