Семинарлар. Коучингтер

Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің  «Серпін» желілік қауымдастығының жұмыс жоспары

Желілік қауымдастықтың мақсаты: Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің  бірлескен  бағдарламасын,  жаңа оқыту тәсілдерін оқу үдерісіне енгізу арқылы оқушылардың өз бетінше білім алуына жағдай жасау. Деңгейлік курстардан өткен мұғалімдерді курстан кейінгі кезеңде кәсіби сүйемелдеу,  курстан өтпеген әріптестерге деңгейлік бағдарламалардың негізгі идеясын оқыту үдерісіне тиімді кіріктіру әдістемесін игерту және тарату.

Міндеті:

  1. Деңгейлік курсты аяқтаған мұғалімдердің меңгерген әдіс-тәсілдерін сабақ барысында тиімді пайдалана білуге қалыптастыру;
  2. Оқу мен оқыту үшін бағалауда критериалды бағалау жүйесін тиімді пайдалана білу әдістерін әріптестер арасында тәжірибе бөлісу ;
  3. Желілік қауымдастықтың жұмысын дамыту арқылы мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету;
  4. Оқушылардың көшбасшылық қабілетін дамыту үшін зерттеу жұмыстарын жүргізуді жалғастыру;
  5. Оқу процесінде «Lesson Study» әдісін қолдану.

Күтілетін нәтиже:

  1. Мұғалімдер әр сабақты жаңаша өткізуге белсенділік көрсетеді және кәсіби өзара желілік байланыс орнатады.
  2. Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артып,білім сапасы артады.

 «Серпін» қауымдастығының І,ІІ,ІІІ деңгейлі мұғалімдері

  Кембридж бағдарламасы бойынша деңгейлік курстан өткен мұғалімдер     қауымдастығының жұмысы жоспары