Сыңғырла, соңғы қоңырау!!!

25 мамыр 2022 жылы Малайсары жалпы орта білім беру мектебінде «Сылдырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын өтті. Шараға аудан әкімі А.Амирин, мәслихат хатшысы Ғ.Арынов,аудан әкімінің орынбасары С.Солтанов, аудандық білім бөлімінің басшысы О.Темирболатова, білім саласының ардагерлері мен ұстаздар қауымы, сондай-ақ ата-аналар қатысты.

🔹️Шара барысында аудан әкімі А.Амирин құттықтау сөз сөйлеп, мектеп бітіруші және мектеп табалдырығын жаңадан аттаған жас жеткіншектерге сәттілік тіледі.  2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша үздік оқушыларды марапаттады.
🔹️Мектеп директоры А.Жетыбаева облыстық, республикалық және халықаралық байқауларының жеңімпазы 11 сынып оқушысы Рустемов Мухамед-Али «Жыл оқушысы» номинациясымен марапаттады.
🔹️Жиын қоңырау соғу рәсімімен және мектеп түлектерінің вальсімен аяқталды.

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.