«Экспо-2017» тақырыбында бірыңғай сабақ өтті

     Оқушыларды қоғам жаңалықтарынан және өзгерістерінен тыс қалмауға баулу. Отанымыз жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту мақсатында 20 қазан күні Малайсары жалпы орта білім беру мектебінде «ЭКСПО-2017» тақырыбында бірыңғай сабақ өткізілді.  Сабақ барысында Казахстанның EXPO көрмелеріне қатысуы туралы мәліметтер, жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі туралы сөз қозғалды. Бастауыш сынып оқушылары «Болашақ көрмесі» тақырыбында суреттер салып қорғады. 5-7 сынып оқушылар арасында “Сикырлы өнер әлемі” атты көрме ұйымдастырылды. Оқушылар ағаштан, қағаз бен картоннан конструкциясына қарай әр түрлі қолөнер бұйымдар жасап шығарды. 8-9 сыныптар арасында «Қазақстан инновациясы» тақырыбында дөңгелек үстел, 11 сынып оқушылар арасында «ЭКСПО — дүниежүзілік көрмелері тарихынан тағылым» атты конференция сабақ өткізілді. Оқушылар «ЭКСПО- жайлы не білеміз?» тақырыбында буклеттер жасады.

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.