Қорытынды аттестаттау және ҰБТ

Құрметті сайт қонақтары! Бітіруші түлектер мен олардың ата-аналары! Бұл бөлімде Сіздер өздеріңізге қажетті қорытынды аттестаттау және ҰБТ туралы мәліметтерді оқып, дайындыққа арналған видео материалдарды көре аласыздар. Арманға бірге қол жеткізейік!


Р.S. Сайттағы материалдар «Достық» білім беру орталығы мен Ұлттық тестілеу орталығының сайттарынан алынды. Толығырақ төмендегі сілтемеге басу арқылы білуге болады.


ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТЫЛЫҒЫНЫҢ РЕСМИ САЙТЫ

ДОСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПОРТАЛЫ


Білім алушыларды қорытынды  аттестаттау — тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін,  олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Өткізу формасы: мектеп бітіру емтихандары.

Өткізілетін орны: түлек оқитын мектеп базасы.

Өткізу мерзімі: шамамен 29.05-09.06.

 

Пәндер Емтихан формасы Уақыты

міндетті

1

Ана тілі мен әдебиеті (оқыту тілі) Жазбаша —эссе 3 сағат

2

Алгебра және анализ бастамалары Жазбаша емтихан 5 сағат

3

Қазақстан тарихы Ауызша (билетпен)

4

Қазақ тілі (орыс, өзбек, ұйғыр ж/е тәжік тілдерінде оқытылатын мектептерде)Орыс тілі (қазақ тілінде оқытылатын мектептерде) Тестілеу 80 минут

таңдау

5

Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағыл., француз, неміс тілі), информатика Тестілеу 80 минут

Емтихандар жайлы қысқаша:

1.  Ана тілі мен әдебиеті — 3 тақырыптан біреуін таңдайды. Эссе 250-300 сөзден тұруы қажет. Эсседе оқушы тақырыпқа сай мәселе көтеруі, дәлелдер мен дәйектер келтіріп, өз пікірін, негізгі идеясын жүйелі түрде жеткізіп, ой түйіндей білуі қажет.

2. Алгебра және талдау бастамалары — 5 тапсырмадан тұрады. Тапсырмалар математикалық фактілер, түсініктер және тәсілдерді меңгеру деңгейін, есеп пен логикалық тапсырмаларды шешу қабілетін, функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған.

3. Қазақстан тарихы — Билетте 3 сұрақ. Екеуі Қазақстан тарихының негізгі бөлімдерінен алынған теориялық сауал, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хронологиялық кескіндерді пайдалану т.б.).

4. Қазақ тілі (орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытылатын мектептерде) және орыс тілі (қазақ мектептерінде) — 40 тест сұрақтан, 3 блоктан тұрады:

  • Лексика-грамматикалық — 20 тест тапсырмасы;
  • Тыңдалым — 10 тест тапсырмасы (2 мәтін);
  • Оқылым — 10 тест тапсырмасы (2 мәтін).

Таңдау бойынша 1 пәннен — Физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілі), информатика пәндерінің біреуін таңдайды (қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық оқу бейіні ескеріледі). Тест 40 тапсырмадан тұрады, берілген бес жауаптың біреуі дұрыс.

Жазбаша және ауызша емтихандарды бағалау өлшемшарттары болады.

Емтихан бағаларымен келіспеген жағдайда, емтихан аяқталғаннан бастап келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін емтихан комиссиясына өтініш беруге болады.

ҰБТ қорытындылары

11-сынып

Оқу жылы Орташа балл Қазақ тілі Орыс тілі Математика Қазақстан тарихы
2013 – 2014 77,5 21 18 12,5 15,5
2014 – 2015 87,3 21,6 22,3 10 17,3
2015 – 2016 85,28 20,8 17,1 12,7 18

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 660 бұйрығы.

Білім беру басқарамасының  қорытынды аттестаттау  комиссиясын құру туралы 2017  жыл 23  қаңтар №71  бұйрық

Аудандық білім  беру бөлімінің  2017 жылы  қортынды аттестаттау  дайындығын  ұйымдастқан түрде атқару туралы 2016  жылғы 20 желтоқсан  №1-06/261-1 бұйрық

 2017 жылы  қортынды аттестаттау  дайындығын  ұйымдастқан түрде атқару туралы 2016  жылғы 21 желтоқсан  №1-07/142 бұйрық

Білім алушылардың  қорытынды аттестаттауды  ұйымдастыру  және өткізу  бойынша  мемлекеттік  комиссияның  құрамын бекіту туралы 2017  жылғы 17 қаңтар №1-07/5 бұйрық