“Мектепке жол”акциясы жалғасуда

Малайсары жалпы орта мектебінде «Мектепке жол» қайырымдылық, қамқорлық акциясы өтуде. Акцияның мақсаты – мектепке келугемүмкіндігі жоқ аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға қамқорлық көрсетіп, мұқтаж отбасылардың балаларын мектепке дайындауда көмек көрсету және оларға толықтай білім алуға жағдай жасау. Акцияның өтілуі барысында мектептің әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларына демеушілер қаржылай көмек көрсетті. Қол ұшын созған демеушілілерді атап өтер болсақ Казангапов Кажибек, Әндір Мерхат, Жумабеков Бекен, Сарсекеев Куаныш, Кускенов Дамир, ууыл әкімшілігі, мәдениет үйі, ауылдық амбулатория және мектеп ұжымы. Көмек алған мектеп оқуышыларының ата-аналары аты аталған демеушілерге алғыстарын білдіріп, үлкен рахметін айтты.

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.