Ақыл мен білімнің тілмашы-тіл

Ақыл мен білімнің тілмашы-тіл

     -Тілім барда қазағым бар, Дәстүрім бар, ата жолы салтым Кең даладай жиналмаған Аңқау ашық мінезім бар, Туған тілде сыры терең жаным Туған тілде әнім менен сәнім дей келе Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып – Қазақ тілі белгіленеді. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етілген.Осыған орай Малайсаоры жалпы орта білім беретін мекетебінде ойдағыдай өткізілетін Тіл мерекесі апталығы аталып өтті.  Мерекенің ашылуы үш тілде айтылып, оқушылар Тіл туралы өлең-жырларын арнады.  Сол күні кітапханашы Толеуова А.К. «Ана тілім-ардағым» атты тәрбие сағатында оқушылардың жүрегіне туған ана тілінің қасиетін қондыра білді.Тарих пәнінің мұғалімі Керимханова З.К. ұйымдастыруымен орта сынып оқушыларына арналған «Ең әлсіз буын» ойыны өткізіліп, 5 сынып оқушысы Нурланова Мейіргүл 1- орынды жеңіп алды. Жоғары сынып оқушыларына тарих пәнінің мұғалімі Иманбаев Н.Б. «Миллион кімге бұйырады?» атты ойыны өткізілді. Оқушылар Тіл тарихымен танысып, ойын қызықты,тартымды болды. Оқушылардың арасында «Тіл-жұрттың жаны» атты шығармашылық жұмыста өлең шығару, шығарма жазу сайысы өткізіліп, оқушылар алғыс хаттармен марапат-талынды. Аптаның соңында үш тілге арналған «Тілдер әлеміне саяхат» күні өткізілді. Оқушылар қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінде ұлттық салт-дәстүрлерін, ойындарын, билерін, көріністері мен ұлттық тағамдарын жасап көрсете білді. Оқушылармен бірге Тіл мерекесін ұйымдастырған орыс тілінің мұғалімдері Жаксымбетова М.К., Татенова А.Т., ағылшын пәнінің мүғалімі Қудайбергенова Ғ.Қ., қазақ тілі пәндерінің мұғалімдері Мукатаева М.И., Өкеш Маржан оқушыларға үш тілдің ерекшеліктерін аша білді.Оқушылар үш тілде еркін сөйлеп, Тіл мерекесіне белсене қатысқан үшін сыйлықтармен марапатталынды.

 Малайсары мектебінің мұғалімі: М.И. Мукатаева

 

 

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.