Author Archives: adminn

Көкшетау қаласында республикалық семинар -практикум өтуде.

29.03.2019

Физика пәнінің мұғалімі Жумабекова Г.С. мен информатика пәнінің мұғалімі Аубакиров Ж.Т Көкшетау қ. “Балдәурен” РОСО-ның базасында өтіп жатқан “Оқу-тәрбие процесіне инновациялық технологияларды енгізу арқылы көптілді білім беруді жүзеге асыру ” тақырыбында республикалық семинар-практикумға қатысуда.

“Family day” жобасы аяқталды

28.03.2019

2019 жылғы 19 наурыз күні мектебімізде “Рухани жаңғыру” бағдарламасы, “Тәрбие және білім” кіші бағдарламасы, облыстық “Family day” жобасы аясында III -кезеңі аяқталды.  Аталмыш шараға ата-аналар мен оқушылар белсенді қатысты. Бірінші кезеңге 13 қыркүйек күні бастауыш сынып оқушылар мен аналары,6 наурыз … Continue reading

“Шаңырақ” ХШ орталығының алғыс хатына ие болдық.

27.03.2019

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласы аясында өткен облыстық “Ұлы дала өнерпаздар керуені” өнер көшінің, мәдени іс-шарасына ат салысып, ұлы дала мұрагерлерінен өткен мыңжылдықтағы өнегелі құндылықтарды, ата-бабадан келе жатқан қол өнерді насихаттау мақсатында Малайсары ЖОББМ алғыс хатқа ие … Continue reading

“Ұлы дала өнерпаздар керуені” облыстық іс-шарада оқушылар белсенділік танытты.

27.03.2019

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласы аясында өткен облыстық “Ұлы дала өнерпаздар керуені” өнер көшінің, мәдени іс-шарасына ат салысып, ұлы дала мұрагерлерінен өткен мыңжылдықтағы өнегелі құндылықтарды, ата-бабадан келе жатқан ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында Малайсары ЖОББМ-нің оқушылары белсенділік танытып, … Continue reading

Тоғыз құмалақ жарысы өтті

26.03.2019

Малайсары жалпы орта білім беру мектебінде  оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында 26 наурыз күні бастауыш сынып оқушылардың арасында тоғыз құмалақ жарысы өтті.

“Ұлы даланың жеті қыры” көрме ұйымдастырылды.

25.03.2019

Малайсары жалпы орта білім беру мектебінде көктемгі каникул жоспарына сәйкес 25 наурыз күні “Ұлы даланың жеті қыры” көрме ұйымдастырылды. 5-11 сынып оқушылары макеттер, металлдан қару -жабдықтар жасап шығарды.

Мектепішілік “Наурыз -жыл басы” атты іс-шара өтті.

19.03.2019

Ұлыстың Ұлы күні, берекенің бастауы, жыл басы – Наурыз мерекесі Малайсары ЖОББМ-де ерекше аталып өтті. Бұл күні Ақкердің баурайындағы киелі мекен бұрынғысынан да жанданып, шаттықтан шашу шашылды. Жақсылықтың жаршысы болған көктемнің шуақты мейрамын бәрі де асыға күтіп, ерекше құрмет көрсетеді.  … Continue reading

Бастауыш сыныптарда “Әз наурыз!” мерекесі өтті

18.03.2019

Малайсары жалпы орта білім беру мектебінде 18-наурыз күні «Қош келдің, наурыз» атты концерттік бағдарлама өтті.Бағдарламаның шымылдығын 4-сынып оқушылары «Наурыз келді» әнімен ашты.Наурыздың құрметіне шашу шашылып,мектеп директоры А.Жетыбаева құттықтау сөзін айтты.Ұлттық нақышта киінген қыздарымыз мың бұрала билеп,шырқата ән салды.Дөңгелек үстелдерде ұлттық … Continue reading

М. Әуезов атындағы №42 ЖОМ-да “Үш тілде оқыту: ізденістер, шешімдер, перспективалар”тақырыбы бойынша семинар-практикум өтті

14.03.2019

14 наурыз 2019 жылы М. Әуезов атындағы №42 ЖОМ-да “үш тілде оқыту: ізденістер, шешімдер, перспективалар”тақырыбы бойынша семинар-практикум түрінде Қалалық білім бөлімінің сараптамалық кеңесінің кезекті отырысы өтті. “Үш тілді оқыту жағдайында ОТҮ ұйымдастыру” облыстық эксперимент режимінде жұмыс істей отырып, Павлодар қаласының … Continue reading

Аудандық “Киіз үй-FEST” көрмесі өтті.

13.03.2019

“Шаңырақ” жобасы аясында аудандық “Киіз үй-FEST” көрмесі өтті. Көрме қорытындысы бойынша  Малайсары ЖОББМ киіз үйі “Ең көркем” номинациясына ие болды.