Мектеп жетістігі
Оқушыларымыз Казангапова Акбота мен Жакупова Ризагуль аудандық “Мағжан оқуларының “Өлең-менің Шолпаным, Айым, Күнім” номинациясы бойынша жүлделі орынға ие болды. |
“Ақпараттық -коммуникациялық технологиялар білім беруде” атты облыстық конкурсына қатысып физика пәнінің мұғалімі Жумабекова Гульден Сансызбаевна І дәрежелі дипломмен марапатталды. |
Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары аудандық бастауыш сынып оқушыларының арасында өткен “Математикалық олимпиадада” I-жүлделі орынға ие болды. Олар: 2 сынып оқушысы Ныгметова Адия, 3 сынып оқушысы Мұқатай Бекзат және 4 сынып оқушысы Тәңірберген Ильяс. |
1-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары “Зерде ” ХIV республикалық конкурсы облыстық кезеңінің жүлдегері 3-сынып оқушысы Мукатаев Бексултан. |
Аудандық ғылыми жоба сайысына қатысып физика пәнінен командалық жұмыс І орын 11 сынып оқушысы Ниязов Мади және 9 сынып оқушысы Галиева Аяжан, тарих пәнінен ІІ орын 9 сынып оқушысы Ниязова Дильназ, ІІІ орын информатика пәнінен Сипатилова Анеля 9 сынып оқушысы, қазақ тілі пәнінен 10 сынып оқушысы Сарсекеева Жансая, биология пәнінен 8 сынып оқушысы Казангапова Акбота жүлделі орынға ие болды. |
Бастауыш сынып оқушыларының VI облыстық математикалық турниріне қатысып, 2 сынып оқушысы Ныгметова Адия ІI дәрежелі дипломмен, команда бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. |
Мектебіміздің директоры Анар Ахметқызы Жетыбаева білім беру саласында жас жеткіншектердің тәрбиесі мен кемел келешегіне ықпал етіп, сапалы білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін білім және ғылым министрінің құрмет грамотасымен марапатталды. |
Г.С.Жұмабекова өзіне жүктелген міндеттерді орындауға аса жауапкершілікпен қарап, аудан мұғалімдеріне әдістемелік қолдау жасауды сапалы жүзеге асыруымен ерекшеленді. Көктемнің алғашқы мерекесіне орай Гүлден Сансызбайқызы Жумабекова облыс әкімінің алғысымен марапатталды |
|
|
2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫ МЕКТЕП ҰСТАЗДАРЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
2015-2016 ОҚУ ЖЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ