Біздің Ұжым

dxrw8eqsbbm  ЖЕТЫБАЕВА АНАР АХМЕТҚЫЗЫ

Мектеп директоры

Анар Ахметқызы  1978 жылы 22 мамырда Павлодар облысы Май ауданы Киров ауылында туған. Павлодар университетін педагог-психолог мамандығы бойынша (2003) бітірген.Малайсары жалпы орта білім беретін мектептің бірінші санатты мектеп психологы  Анар Ахметқызының іс–тәжірибе бөлісу мақсатында Республикалық «Мектептегі психология» әдістемелік журналының 2011 жылдың №7 номерінде Агрессивті балалармен жүргізілетін түзету жұмыстар, «Педагогика және оқушы психологиясы» ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналының 2012 жылдың № 2 нөмірінде «Абайлаңыз – суицид» атты мақалалары басылды. 2009 жылы «Қамқорлық кеңестерінің білім беру сапасын арттырудағы рөлі» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып  I орын иеленді. 2012 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдығына арналған «Педагогикалық оқулар» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясында ,баяндама жасап конференцияның CD түріндегі электрондық жинағында жарияланды. 2013 жылы Бүкілресейлік  интерактивті портал жобасының II дәрежелі диплом иегері. Бүкілресейлік қашықтық шығармашылық презентация-2013 ашық конкурсына қатысушы, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» авторлық  материалы интернет желісіндегі videouroki.net сайтына жарияланды. 2013 жылы «Азбука кz» интернет-ресурс информациялық-ақпараттық порталында «Мектептегі стрес және одан құтылудың жолдары» атты мақаласы шықты. «ХХІ ғасырдың  білім берудегі  инновациялық технологиялар» ІІІ Республикалық  конференциясында «Бейінді сыныптағы оқушыларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық-педагогикалық мәселелері және болашағы» атты баяндамасы жинаққа енді. 2012 жылы «Білім көкжиегі» кітабына облыстың абыройлы мұғалімдер тізіміне енді.  2013 жылы «Үздік мектеп психологі» байқауында «Ең үздік психологиялық бағдарлама» номинациясына ие болды. Облыстық «Үздік мектеп психологі» байқауында I-дәрежелі дипломмен марапатталды. Республикалық «Ең үздік жыл психологі» атты республикалық байқауға қатысып «Үздік практикалық-іс шара» номинациясына ие болды. 2011 жылы Аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасы, 2013 жылы Аудан әкімінің Құрмет граматосы, 2014 жылы Павлодар облысы білім беру басқармасының Құрмет Грамотасы, 2014 жылы  Облыс әкімінің Алғыс хаты, 2014 жылы «Қазақстан маслихаттарына -20 жыл», 2015 жылы «Конституцияға -20 жыл» мерекелік төсбелгісімен , 2017 жылы облыстық “Ең үздік сайты” сайысында I жүлделі орын, осы жылы облыстық “Табысты менеджер-2017” конкурсында жүлделі III орынға ие болды. 2017 жылы облыстық мәлихаттың Алғыс хатымен марапатталды.

КОЙЛЫБАЕВА АРДАК  ТОКТАСЫНҚЫЗЫ

І санатты биология пәнінің мұғалімі. 2012 жылы облыстық мұғалімдер пән олимпиадасының  ІІІ орынға иегері. 2007-2008 оқу жылында 10-сыныпқа арналған «Ауыл шаруашылық малдарының және  популяцияның генетикасы», 2008-2009 оқу жылында 11-сыныпқа арналған «Иммуногенетика», 2009-2010 оқу жылында 10-сыныпқа арналған «Адам анатомиясы»,  7 сыныпқа арналған «Жануарлар әлемінің эволюциясы» бағдарламаларының авторы.  2011 -2012 оқу  жылында  9 сыныпқа арналған биологияны тереңдетіп  оқыту  бағдарламасы құрастырды. 2011 жылы«Биология әлеміне саяхат»  атты сыныптан тыс жұмыстар жинақтамасы әзірледі. 2007жылы «Биология және салауаттылық негізі» ғылыми – педагогикалық  журналында «Тері, оның құрлысы, қызметі, гигиенасы»,  2010 жылы «Сүтқоректілердің тіршілік әрекеті және сыртқы құрылысы», 2011 жылы  «Мұғалім.KZ»  республикалық оқу- әдістемелік журналында  7 -сыныпқа арналған  «Қой  шаруашылығы» тақырыбындағы  сабақтары  жарияланды. 2011 жылы «Балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтендіру бағыты» тақырыбымен педагогикалық инновациялардың облыстық Жәрмеңке- көрмеде баяндама жасады. 2012 жылы ПМПИ 50- жылдығына арналған «Педагогикалық  оқулар» аймақтық ғылыми-  практикалық   конференцияда  «Жалпы орта білім беру мектебінде  биология  пәнінен  бейіндік  оқытуды  ұйымдастыру» тақырыбында  баяндама жасады. Баяндама электронды жинаққа енгізілді.. 2010-2011 оқу жылы оқушысы облыстық сырттай оқу мектебінің шағын олимпиадасында биологиядан ІІІ орын иеленді. 2012 жылы аудандық білім беру  бөлімінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.

ОКЕШ МАРЖАН

Екінші санатты қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі 6 жыл. 2012 жылы іс-тәжірибе бөлісу мақсатында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдығына арналған «Педагогикалық оқулар» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясында баяндама оқып, баяндамасы CD түріндегі электрондық жинағында жарияланды. 2013  жылы тереңдетілген 9-сыныпқа қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен бағдарлама  құрастырды.2013 жыл «Білім берудегі инновациялық процестер» атты  ІІІ Республикалық  конференцияның материалдар жинағына баяндамасы енгізілді.  2011 жылы Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық конкурсында алғыс хатпен марапатталды. 2012 жылы «Сабақтағы интерактивті құрал» атты педагогикалық идеялар Интернет-фестивалі облыстық конкурсында І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2013 жыл қазақ әдебиетінен республикалық қашықтық интернет олимпиадасында үздік нәтиже сертификатына ие болды. 2013 «Ертіс өңірінің компоненті» конкурсына қатысушысы. Оқушылары аудандық, облыстық, республикалық олимпиадаларының, сайыстарының жүлдергерлері: аудандық Абай оқуларының ІІ орын, аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасында І және ІІІ орын, облыстық «Түркі әлемі және Қазақстан»  атты шығарма сайысында алғыс хат (2012 ж.), «Менің елім-менің Президентім» облыстық мәнерлеп оқу сайысында І орын (2013 ж.), «Тіл-мемлекеттік тәуелсіздігінің символы» VІІІ республикалық олимпиадасының ІІІ орын (2014 ж.), облыстық сырттай оқу мектебінің шағын олимпиадасында ІІ орын иегерлері (2014 жыл).Өсіп келе жатқан ұрпақтарымызға тәлім –тәрбие беруде мол үлес қосқаны үшін ауыл әкімінің «Алғыс хатымен»  (2012 ж.),  қазақ тілінен VIII республикалық «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» олимпиадасына белсене қатысқаны үшін Мадақтамасымен (2014ж.), аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

59           ЖАКСЫМБЕТОВА   МАПРУЗА ҚҰМАРҚЫЗЫ

Мапруза Құмарқызы  1958  жылы  8- сәуірде  Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарайғай ауданы  Семиярка ауылында дүниеге келген.   1979 жылы Павлодар педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.                             Мапруза Құмарқызы өз жұмысына тиянақты, шебер, жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Осы мектепте 34 жыл жұмыс істейді. 1997 жылдан-2012 жылға дейін мектеп директорының  қызметін атқарды. Басқару жылдарында мектеп оқушыларының, мұғалімдердің  республикалық, облыстық, аудандық сайыстар, олимпиада, конференцияларға белсенді қатысып, жүлдегер атанды. 2001 жылдан мектеп облыстық «Денсаулықты нығайту» мектептерінің қатарына енгізілді. 2006 жылы мектеп іс-тәжірибесі облыс көлемінде таратылды. 2010 жылы Республикалық  «Балалар және жаз»  байқау – конкурсының жеңімпазы атанды. «Республикалық ғылыми-практикалық конференциясында,  Облыстық «Білім беру ұйымдарын  инновациялық  тұрғыдан  басқару»  конференцияда  «Білім беру  жүйесін  реформалау жағдайында  денсаулық сақтау  технологияларын  енгізу  стратегиясы»,  Облыстық  ғылыми –тәжірибе  конференциясында  «Педагогика мен  психологиядағы  ұлттық құндылықтары»  тақырыптарында баяндама жасады. Республикалық  «Мұғалім КZ»  журналында «Қазақстан таулары» жұмысы басылды. Орыс тілі пәнінен факультативтік авторлық рецензияланған бағдарламалары бар. Май аудандық маслихат 3 шақырылымды депутаты болды.  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы,  ҚР Президенті  Н. Назарбаевтың Алғыс хаты, Қазақстан Республикасы  Парламентіне 10 жыл медалі, Облыстық білім басқармасының және  Аудандық білім бөлімінің  Құрмет грамотасы, Астана қаласына 10 жыл медалімен марапатталған. «Май ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. 2012-2013 жылы 4 оқушысы халықаралық интеллектуалдық «Русский медвежонок» ойынында  1 орын иегері. 2013-2014 оқу жылында халықаралық  интеллектуалдық “Русский медвежонок”  ойынында  1 оқушы 1 орын, 1 оқушы 2 орын иеленді.   1 оқушысы облыстық шығарма сайысында 2 орынға ие болды.  Республикалық қашықтық  пән олимпиадасына қатысып аудан бойынша жоғары нәтиже көрсеткен, халықаралық қашықтық интеллектуалдық «Русский медвежонок» ойынының қатысушысы. Тұрмыста, бір ұл мен екі қыздың анасы.

.61                ТАТЕНОВА  АЛМА ТАТЕНҚЫЗЫ

Алма Татенқызы  25 қараша 1961 жылы  Павлодар облысы, Май ауданы Май ауылында дүниеге келген. Білімі  жоғары. Бірінші санатты орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі. 1985 жылы  Павлодар педагогикалық институтының филология факультетін  бітірген. Осы мектепте 28 жыл еңбек етеді. Облыстық мұғалімдер пән олимпиадасының, «Дидактикалық әдістемелік құралдар» сайысының қатысушысы. Оқушылары аудандық Пушкин оқуларының, аудандық пән олимпиадасының жүлдегерлері. «Морфология», «Орфография» тараулары бойынша дидактикалық жинағы мен «Служебные части речи»  (7-сынып) әдістемелік құралының  авторы. 2010-2011, 2012-2013 оқу жылдары ҰБТ бойынша оқушылары 100 % сапа көрсетті. 2013-2014 оқу жылында 2 оқушысы аудандық “Спасибо, мама!”атты шығарма сайысының жүлдегері, халықаралық интеллектуалдық “Русский медвежонок” ойынында 1 оқушы  1 орын иегері.  Республикалық қашықтық  пән олимпиадасының қатысушысы, халықаралық  «21 ғасырдың педагогикасы» семинар-тренингісін  табысты аяқтап, сертификат иегері болды. 2014 жылы Аудандық Құрмет грамотасымен марапатталды.  Отбасылы, үш баланың анасы.

ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА ҒАЛИЯ КАЛМАНҚЫЗЫ

29 мамыр 1963 жылы Павлодар облысы, Ермак ауданы (қазіргі Ақсу ауданы), Потанин совхозында дүниеге келген.  Бірінші санатты шет тілі мұғалімі. Білімі жоғары, 1987  жылы  Павлодар педагогикалық институтын,  ағылшын тілі, қосымша неміс тілі мамандығы бойынша  бітірген. Кәсіподақ ұйымының төрайымы. Ағылшын тілі пәнінен бастауыш сыныпқа арналған бағдарламаның, “For boys and girls” оқу құралдарының авторы. “ІІ Педагогикалық оқулар” атты республикалық  ғылыми -практикалық  конференциясында  “Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы” тақырыбында баяндама  жасады. Оқушылары  халықаралық “Кенгуру-лингвист”, «Britihs bulldog»  ойындарының  жүлдегерлері.   Аудандық білім  бөлімінің Құрмет грамотасы, Павлодар облысының білім беру басқармасының  алғыс хаты,  Аудандық білім  бөлімінің грамотасы, Май аудан әкімінің алғыс  хатымен марапаталған. Тұрмыста, үш баланың анасы.

76       ӘУКЕНОВА ӘСЕМГҮЛ РАҚЫМЖАНҚЫЗЫ

Әсемгүл Рақымжанқызы 1976 жылы 11 мамырда Павлодар облысы, Май ауданы, Малайсары ауылында туған. Павлодар Университетін (2003) тарих және география факультетін үздік аяқтаған. Бірінші санатты география тарих пәнінің мұғалімі. Жаратылыстану-математикалық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі. Өз пәнінің білікті маманы, шығармашылық деңгейде жұмыс істейтін ізеніпмаз мұғалім. 10 сыныпқа арналған «Елтану» бағдарламасының, 6 сыныпқа «Физикалық географиядан бақылау мен практикалық жұмыстар», 9-11 сыныптарға арналған «Практикалық жұмыстар жинағы», «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша географиядан сабақ жоспарлары» әдістемелік жинақтарының, 5 сыныпқа арналған «Жертану», 10 сыныпқа арналған «История в лицах», 8 сыныпқа өлкетану курсына арналған «Май ауданның физикалық географиясы» бағдарламалардың авторы. «ХХІ ғасырдағы педагогикалық қызметтің инновациясы» атты Облыстық ғылыми практикалық конференциясында  «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың  өздік білім алу  қабілеттерін дамыту» атты баяндама жасады.  ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдалармалары аясында үшінші деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалім. Оқушысы аудандық пән олимпиадасының І,ІІІ орын, «Ертіс Дарыны» АҒТО  шағын –олимпиадасының   ІІІ орын,  облыстық интеллектуалдық марафонның ІІ-ІІІ орын иегерлері «Ертіс дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының Алғыс хатымен, Аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен, Аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, Облыстық білім департаментінің Алғыс хатымен марапатталды.
КАЗАНҒАПОВА СУЛУШАШ  АУҒАН68ҚЫЗЫ

1963 жылы 12 маусымда Павлодар облысы Шарбақты ауданы Есілбай ауылында туған. В.Воровский атындағы Павлодар педагогикалық училищесін бастауыш сынып мұғалімі бойынша (1982), Павлодар университетін тарих және география мұғалімі мамандығы бойынша (2005) бітірген.Малайсары жалпы орта білім беретін мектептің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда, «ІІ Педагогикалық оқулар» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда, аймақтық ғылыми- тәжірибелік конференцияда баяндамалар жасаған.Аудандық «Ізденімпаз-шебер ұстаз»сайысының 1-орын иегері. «Мәдени өсімдіктер» (3-сынып), «Гүлдер әлемі», «Табиғат тамашалары» (4-сынып), «Есептеуіш техника негіздері» (2-сынып), «Компьютер әлемі» (3-сынып), «Қызықты компьютер» (4-сынып) бағдарламалары мен «Айналаны қоршаған ортаның экологиясы» бағдарламасы,оған сәйкес деңгейлік тапсырмалары бар оқулық-дәптер (2-сынып), «Морфология  тарауы бойынша  деңгейлік және тест тапсырмалар» (4-сынып) атты әдістемелік құралдарының авторы. Республикалық «Бастауыш сынып әдістемесі» және «Тәрбие құралы»  әдістемелік журналдарында еңбектері басылған. “Сабақтағы интерактивті құрал” атты педагогикалық идеялар Интернет-фестивалі интерактивті жабдықтарды қолдану  аясында педагогикалық  іс-тәжірибелерді жинақтау және жариялау мақсатында Павлодар облысы білім басқармасы мен Облыстық ақпараттық технологиялар орталығымен ұйымдастырылып отырған конкурста, дүниетану пәнінен 2-сыныпқа “Жапырақ, Күзде жапырақтар неге сарғаяды?” тақырыбындағы ашық сабағы citpvl.kz сайтына шықты.  Оқушылары Республикалық және халықаралық «Ақбота», «Руский Медвежонок», «Золотое руно», Облыстық интеллектуалды марафондарына белсенді  қатысып, жүлделі орындар иеленген. Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығы” ММ облыстық білім бөлімінің грамотасымен, аудандық білім беру бөлімінің Құрмет граматосымен,  аудандық мәслихаттың Құрмет граматосымен марапатталған.

МУКАТАЕВА МАЙРА ІЛИЯСҚЫЗЫ

8 мамыр 1968 жылы Павлодар облысы, Май ауданы Малайсары ауылында туған. 1989 жылы Петропавл индустрияалды- педагогикалық техникумын педагог- инженер мамандығы бойынша, 2000 жылы Павлодар педагогикалық колледжін бастауыш сынып мұғалімі, 2003 жылы Павлодар университетінің  филология факультетін бітірді.  Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің бірінші санатты мұғалім. Педагогикалық өтілімі 22 жыл.Шығармашылық қабілеті  бар ұстаз. Тереңдетілген сыныптарға арналған бағдарламалардың авторы. Ұлттық бірыңғай тестілеуден оқушылары қазақ тілі пәнінен жоғары сапа көрсетеді.Оқушылары облыстық шығармашылық сайыс-тарға, аудандық пән олимпиадаларының жүлдегерлері. 2012 жылы  оқушысы ХІІІ облыстық Абай оқулары сайысында «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясының І дәрежелі дипломымен   марапатталды. Аудандық білім беру бөлімінің Алғыс хатымен, Облыстық «Абай оқуларында» оқушыларының үздік жетістігі үшін «Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясы-мен марапатталды. Тұрмыста, бір ұлы бар.

АСЫЛХАНОВ ЕРБОЛАТ ҚҰСМАНҰЛЫ

1983 жылы 16 тамызда Павлодар облысы Май ауданының  Малайсары  ауылында туған. 2001 жылы Жаяу Мұса атындағы колледжін дене шынықтыру пәні бойынша, 2008 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын  дене шынықтыру және спорт бакалавры бойынша бітірді. Малайсары жалпы орта білім беретін мектепте 2004 жылдан бастап дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. І санатты мұғалім. Оқушылары үнемі аудан, облыс көлемінде өткізіліп тұратын жарыстарға белсене қатысады. 2008-2011 жылдары аудан деңгейінде «Күзгі кросс» және  «Жеңіл атлетикадан» І орынды, «Шахмат» пен «Тоғыз құмалақ» ІІІ орынды, «Қысқы президенттік көпсайыс» және «Жазғы президенттік көпсайыс» ІІ, ІІІ орынды, «Волейбол» ІІ орынды, «Баскетбол» ІІ, ІІІ  орындарды иеленіп келеді. 2012-2013  оқу жылында баскетболдан (қыздар) аймақтық жарыста І орын, шаңғы-ІІІ орын, күзгі кросс-ІІІ орындарға ие болды. 1 оқушысы Жәкен Сандуғаш ХХІІ облыстық спартакиадада күзгі кросс түрінде облыс чемпионы атағына ие болды.

 

АУБАКИРОВА  ЖАНАГУЛЬ  ТӨЛЕУҚЫЗЫ

1986 жылы 22 желтоқсанда Павлодар облысы, Май ауданы, Кеңтүбек ауылында  туған. Павлодар қаласындағы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты колледжінің  бастауыш мектептің информатика мұғалімі мамандығы (2010),  Павлодар мемлекеттік педагогикалық  институтында  физика-математика факультетінің,  информатика мамандығы  бойынша 2013 жылы бітірген. 2006 жылдан бастап «Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінде іс  жүргізуші, 2013 жылдан информатика пәнінің мұғалім болып жұмыс істейді.


АУШАХМАНОВА  ГУЛЬМИРА  АХМЕТСАПАРҚЫЗЫ

І санатты, бастауыш сынып мұғалімі. Мектепте «Жас ұстаз» мектебінің жетекшісі. 2011 жылы «Бастауыш сынып оқушыларына арналған математика пәнінен логикалық тапсырмалар»  атты әдістемелік жинағының және  2012 жылы «Математика әлемі», «Ғажайып математика» және «Сөз сырлары» бағдарламаларының авторы. 2006-2007 оқу жылындағы тіл пәндері мұғалімдерінің аудандық олимпиадасында ІІІ орынға иегері,  2009-2010 оқу жылында өткізілген аудандық бастауыш мұғалімдерінің пән олимпиадасының  І орын иегері, Облыстық пән олимпиадасының қатысушы-сы.  2012-2013 оқу жылында Республикалық педагогикалық оқуларының об-лыстық кезеңінде ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.  2014 жылы аудан-дық «Үздік педагог» сайысында І орынға ие болып, облыстық «Үздік педа-гог» сайысының қатысушысы.2011 жылы «Мұғалім.kz» атты Республикалық оқу-әдістемелік журна-лында математика пәнінен «Толық ондықтар мен жүздіктерді көбейту және бөлу» және  2014 жылы «Бастауыш сынып» атты Республикалық әдістемелік- педагогикалық журналында әдебиеттік оқу пәнінен «А. Құдайбергенов «Ақ-жайық» атты ашық сабақ үлгілері жарияланды.2010 оқу жылында 1 оқушысы «Ақ бота»  интеллектуалдық марафо-нында ІІІ орын, 2013 жылы  «Адам және табиғат» Халықаралық ойын сайы-сында 1 оқушысы  ІІ дәрежелі диплом иегері.2014 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші (негізгі) деңгей бағдар-ламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курстарын аяқтады.2007 жылы  аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.


БАЙДУЛИНА  БАЯН ОМАРХАНҚЫЗЫ

 І санатты бастауыш сынып мұғалімі. Халықаралық, республикалық конференциялардың белсенді қатысушысы. Оқушылары «Адам табиғат» халықаралық конкрусының жеңімпазы. Облыстық «Ақбота», «Алтын тоқты» интеллектуалдық марафондарының ІІ, ІІІ орын жеңімпаздары. Облыстық балалардың құқығын қорғау департаментінің «Балалық шақ әлемі» шығармашылық сайысында оқушысы алғыс хатпен марапатталды. Облыстық кәсіподақ ұйымының Алғыс хаты; аудандық білім бөлімінің Алғыс хаты, аудандық кәсіподақ ұйымының Алғыс хаты, мектепішілік Құрмет грамотасы, мектепшілік Мақтау қағазы; ауыл әкімінің  Алғыс хатымен марапатталды. «Табиғат тамашалары»,«Математика әлемі», «Шешендің сөздер» «Тіл дамыту» әдістемелік жинақтарының авторы

  БАЯНБАЕВА  АЙНАГУЛЬ  ТӨЛЕУҚЫЗЫ

1982  жылы 4 тамызында Павлодар облысы, Май ауданы, Кеңтүбек  ауылында  туған.  Семей қаласында сервис колледженде кәсіптік оқыту мамандығын бітірдім 2003ж. 2003 жылдан бастап «Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесінде технология және сызу, бейнелеу пәнінің мұғалім болып жұмыс істейді. Сырттай 2004 жылдан бастап, Павлодар мемлекеттік педагогикалық  институтында  кәсіптік оқыту  мамандығы  бойынша 2007 жылы бітірген. 2014 жылы Павлодар облысының қосымша білім беру педагогтеріне арналған «Әлеуметтену мен   шығармашылықтан – өмірлік және кәсіби жолды анықтауға бетбұрыс» тақырыбы бойынша облыстық оқу сименарына қатысқандыған растайды. «12-жылдық білім беру жағдайында оқушылардың әлеуметтік құзреттілігін қалыптастыру» курста болдым.

 

ЖАБАГИН  МЫРЗАБЕК КЕЖЕҒАЛИҰЛЫ

          І санатты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Ұстаздық еңбек өтілі – 12 жыл. 2010 жылы аудандық жеңіл атлетика эстафетасының І орын, 2011 жылы аудандық ардагерлер спартакиадасында дойбыдан ІІ орын, волейболдан ІІІ орын, шағын футболдан ІІІ орын, 2012 жылы аудандық волейбол жарысының ІІІ орын, ардагерлердің аудандық дойбы ойынының ІІІ орын, шағын – футбол жарысының І орын иегері. Шәкірті 2012 жылы облыстық күзгі кросс сайысында І орын, 2013 жылы облыстық жеңіл атлетикадан үзындыққа секіру бойынша ІІ орын, ядро итеруден ІІІ орын иегері. Мұғалімнің тыңбай еңбегінің арқасында Малайсары ОМ командасы 2013 жылы аудандық қысқы спартакиадасында шахмат жарысында ІІІ орын, дойбы жарысының ІІІ орын, аудандық жазғы спартакиадасында эстафеталық жүгіруден қыздар командасы ІІІ орын, ұлдар командасы І орын, волейбол жарысында ІІ орын, баскетболдан ІІІ орын, президенттік көпсайыстан ІІІ орын, баскетболдан ІІ орын, жеңіл атлетикадан ІІ орын, 2014 жылы аудандық жазғы спартакиадасында президенттік көпсайыстан ІІІ орын, волейбол жарысында ІІ орын, баскетбол жарысында ІІ орынға ие болды.2010 жылы спорт саласына зор үлес қосқаны үшін аудандық білім беру бөлімінің Алғыс хатымен, аудан прокуратурасының кубогі үшін өткізілген шағын футбол жарысына қатысқаны үшін мадақтамамен, «Майталман» аймақтық жастар қоғамдық бірлесігінің ұйымдастыруымен өткізілген турнирге волейболдан команда дайындағаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды.

ЖАКСЫМБЕТОВА  ЖАННА МАНАТҚЫЗЫ

            1980 жылы 14 наурызда Павлодар облысы Май ауданының  Киров ауылында туған. Павлодар қаласындағы Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледжді бастауыш сынып мұғалімі және практикалық психолог (2003) мамандығы бойынша, Павлодар Педагогикалық институтын «Педагог-психолог» (2011) мамандығы бойынша бітірді. 2006 жылдан бастап Малайсары жалпы орта білім беретін мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. Екінші санатты маман. 2007-2008 оқу жылының мемлекеттік аралық бақылаудың қорытындысы бойынша математика пәнінен сапа 50 %, ортақ ұпай -14,7%. 2010-2011 оқу жылының мемлекеттік аралық бақылау қорытындысы бойынша математика пәнінен сапа 100%. Ортақ ұпай -19,4%. 2013 жылы  2 сынып оқушысы Казбеков Алишер «Адам және табиғат» халықаралық сайысында дипломмен марапатталды,«Ақбота» республикалық ойынында 2 оқушысы Рустемов Мухамед-Али, Казангапова Акбота ІІІ орын иеленді. 3 сыныпқа арналған «Математика әлемі», 2 сыныпқа арналған «Ғажайып математика», 1 сыныпқа арналған «Табиғат құпиялары» , 3 сыныпқа арналған «Сандар сыры», «Шебер қол», «Жас табиғат қорғаушылары» , 4 сыныпқа арналған «Сиқырлы  математика», «Қоршаған орта», «Жануарлар әлемі»  бағдарламарының авторы. 2012 жылдан бастап бастауыш әдістемелік бірлестігінің жетекшісі. Мектепішілік «Жас маман – 2007» сайысында екінші орынды иеленді. 2013 жылы Аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған. 2014 жылы «Менің педагогикалық мамандығым» атты ІІ Халықаралық педагогикалық шеберлік конкурсында  ІІ орынға ие болды.

ЖАКУПОВА  РОЗА  МАРАТҚЫЗЫ

     1986 жылы 3 қазанда  Павлодар облысы Май ауданының Ақшиман ауылында туған. Павлодар қаласындағы Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледжді «мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі» (2007) мамандығы бойынша, Павлодар Педагогикалық институтын «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» (2010) мамандығы бойынша бітірді. 2007 жылдан бастап Ақшиман жалпы орта білім беретін мектепте бастауыш мұғалімі болып жұмыс істеді. Екінші санатты маман. 2013 жылдан Малайсары жалпы орта білім беретін мектепте аға тәлімгер болып жұмыс істейді.  Аудандық «Елім -ай» сайысына қатысып « Көпті көрген» номинациясы берілді. 1сыныпқа арналған «Математика әлемі бағдарламаларының авторы. 2013 жылы Малайсары селолық әкімінің «Алғыс хатымен » марапатталған.

ЖАҚСЫМБЕТОВА КУЛЬМИРА  САБЫРЖАНҚЫЗЫ

1968 жылы 05 маусымда Павлодар облысы Май ауданының  Малайсары  ауылында туған. Павлодар қаласындағы Медициналық училищесіне  медсестралық  сестра    (1987) мамандығы бойынша, бітірді. 2002 жылдан бастап Малайсары жалпы орта білім беретін мектепте медбибі  болып жұмыс істейді. 2006 жылы Аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.2008 жылы Май аудандық маслихат хатшысының Алғыс хатымен, 2011 жылы Май аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен, 2013 жылы Денсаулық  Сақтау Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

ИМАНБАЕВ  НҰРЖАН БЕРІКҰЛЫ

ІІ санатты тарих пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі 4 жыл. 2013 жылдан бастап кәсіподақ ұйымының төрағасы. 2013 жылы аудандық пән олимпиадасының ІІ орын, 2014 жылы І орын иегері, облыстық пән олимпиадасына қатысушысы. «Дарынды балаға-талантты ұстаз» облыстық олимпиадаға қатысушысы. Мектепішілік «Педагогикалық дебют-2013» сайысында І орын иегері. 5-7 сыныпқа арналған  «СТО технологиясы бойынша сабақ жоспарларының топтамасы»  және «Бақылау жұмыстарының жинағы» /5-9 сынып/ әдістемелік жұмыстарының авторы. 2012 және 2014 жылы  оқушылары  аудандық пән олимпиадасында ІІІ орынға ие болды.  2013 жылы оқушысы аудандық «Қазақстан конфессия аралық келісім аумағы» атты мини-конференцияға қатысып «Ұшқыр ой» номинациясына, аудандық ғылыми жоба сайысында ІІІ орынға  ие болды. 2014 жылы республикалық қашықтық интернет олимпиадасына қатысып, аудан бойынша жақсы нәтиже сертификаттарымен марапатталды. 2011ж.ауыл әкімінің алғыс хатымен, 2013 жылы аудандық білім беру бөлімінің алғыс қатымен және мектеп директорының алғыс хатымен марапатталды. 2014 жылы оқушылары аудандық пән олимпиадасында жақсы нәтиже көрсеткені үшін алғыс жарияланды.

РУСТЕМОВА  ГУЛЬНУР  ЕРТИСБАЙҚЫЗЫ

                 ІІ санатты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Ұстаздық еңбек өтілі – 11 жыл. Өз пәнін жетік меңгерген, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары маман. 2006-2007 оқу жылында мектепте өткен Облыс көлемінде салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыбында өткізілген конференцияда арнайы медициналық топтағы оқушылармен істейтін өз жұмыс тәжірибесімен бөлісті, ашық сабақ және сыныптан тыс шара өткізді. 2009- 2010 оқу жылында 1-4 сынып оқушыларына арналған  «Қимыл-қозғалыс ойындар»  жинағының авторы. 2010 жылы аудандық жеңіл атлетика эстафетасы жарысында І орын, аудандық жеңіл атлетикадан ядро серпу бойынша ІІІ орын, 2011 жылы аудандық стритбол жарысында ІІІ орын, аудандық волейбол жарысында ІІІ орын иегері. Гульнур Рустемова салауатты өмір салтын ұстануға өз шәкіртерін ғана емес сонымен бірге ата-аналармен де тығыз жұмыс жасау үстінде. Аудан көлемінде өткізілетін  дәстүрлі «Әке, шешем және мен біздер доспыз спортпенен» атты жанұялар эстафеталық жарыстын ұйымдастырушысы. «Ұстаз болу- жүректің батырлығы» дегендей  тынбай ізденудің, терең біліктілігінің нәтижесінде  шәкірттері 2012 жылы баскетболдан аудан көлемі бойынша ІІ орын, 2 оқушысы баскетболдан аудандық құрама командасына кіріп, баскетболдан облыстық жарысқа қатысушылары. 2013 жылы аудандық жеңіл атлетика жарысында І орын, шаңғы жарыстарында ІІ орын, жазғы және қысқы көп сайыстарда  І және ІІ орын иегерлері. Оқушылары спорт саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізуде елеулі еңбек атқарғаны үшін, 2011 жылы аудандық білім беру бөлімінің алғыс хатымен  және аудандық педагогикалық қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының грамотасымен марапатталды.

 

ТУЛЕУОВА  АЛМАГУЛЬ КӘРІМҚЫЗЫ

      10  қазан 1959 жылы Павлодар облысы, Май ауданы  Киров  совхозында дүниеге келген.  1979  жылы  Гурьев  мәдени- ағарту,  училищесін кітапхана ісі мамандығы бойынша  бітірген. Жоғары  санатты кітапханашы. «Бүгінгі  мектеп кітапханашы» атты облыстық конференциясына делегет болып қатысты. Павлодар облысы білім басқармасы мен Облыстық ақпараттық технологиялар орталығымен  ұйымдастырылып отырған конкрусқа cifpvl.kz  сайтына «Кім тапқыр» ашық сабағы жарияланды. Кітапханаларға арналған облыстық, аудандық конференцияларға үнемі қатысыды. «Мектеп кітапханасы – жаңа білімдер, жаңа технологиялар» атты Облыстық «әдістемелік апталығында баяндама «Мектеп кітапханасы- жаңа білімдер, жаңа технологиялар» оқып, сертификатпен марапатталды.   5-6 сыныптарға арналған кітапхана сабақтарының топтамасын жасады. Облысытық  «Педагогика хабаршысы» газетіне үнемі мақалалары жарияланып тұрады. Аудандық «Жылдың үздік кітапханашысы» сайысының ІІ орын жүлдегері атанып дипломмен марапатталды. Аудандық білім  бөлімінің Құрмет грамотасы,  Мектепішілік Алғыс хатпен марапаталған.

 

УРЮМОВА  САЙРАШ РАХАДЫЛҚЫЗЫ

Павлодар облысы,Май ауданы, С.М.Киров атындағы совхозда дүниеге келген.Малайсары жалпы орта білім беретін мектепте 2002 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. І-ші  санатты тәрбиеші, еңбек өтілі 15 жыл. Облыстық «Жыл тәрбиешісі -2013» атты сайысының қатысушысы.  Астана қаласының  Оқыту және дамыту орталығы ұйымдастырған «Тәрбиеші болу бақыт» атты ІІ Республикалық сайысының ІІ орын иегері. Сайраш Рахадыловна оқу-тәрбие үрдісінде дамыта  оқыту, ойын технологияларын пайдалана отырып, баланы еркін сөйлеуге, ойын дамытуға, есте сақтау қабілетін, белсенділігін арттыруға жағдай жасайды. Әдістемелік шеберханасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандарттарына сәйкес «Ойнайық та, ойлайық» логикалық тапсырмалар жинағы, «Тіл дамытуға арналған өлеңдер», «Әдептілік әліппесі», «Ертегілер әлеміне саяхат» бағдарламалары және әдістемелік құралының авторы. Сонымен қатар кішкентай бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерін дамуына көп көңіл бөледі.Тәрбиеленушілері облыстық, аудандық сайыстардың жүлдегерлері. 2013 жылы сегіз тәрбиеленушісі облысытық «Үркер» марафонына қатысып, жүлделі орындарға ие болып дипломдармен және сыйлықтармен, бір тәрбиеленушісі Дюсембай Айым  «Дарын» республикалық  ғылыми- практикалық орталығының  «Үркер» Бірінші Республикалық  IQ  марафоны  жеңімпазы  кубогімен және дипломмен  марапатталды. Атқарған еңбегі бағаланып,  аудандық мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтамасы 2010жыл, 2011 жыл, мектептің Құрмет грамотасы, мадақтамасы,аудандық «Тәрбиеші болу – бақыт» сайысында «Ізденгі тәрбиеші» номинациясына мадақтама грамотасы  2014 жылы аудандық білім беру бөлімінің Құрмет грамотасымен және «Үркер» IQ орталығының дипломы, «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығының алғыс хатымен марапатталған.

This entry was posted in Біздің Ұжым. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.