Мектеп туралы

Ауыл мектебі – білім мен тәрбиенің сарқылмас кәусәр бұлағы

Малайсары жалпы орта білім беретін мектебінің тарихы

1929 жылы Лацис (қазіргі Малайсары) ауылының  оқушылары Лебяжьеде ашылған мектеп-интернатында білім алды.

1932 жылы №1 бөлімшеде бастауыш мектеп ашылды. Алғашқы директоры  А.Бакин болды.

1935 жылы совхоз орталығында 5 бөлмелі мектеп үйі салынды.

1937 жылы  7 жылдық мектеп ашылып, сол жылдан бастап мектеп – Киров орта мектебі деп атала бастады.

1952-1953 оқу жылында орта мектеп болып өзгертілді. Сол жылдардағы мектепте жұмыс істеген мұғалімдер: Бакин А., Замерлова Х.К., Ауғанбаев А., Солтанов М.С., Қыдырбеков Б., Сургутанова Т.С., Мұңсызов Х., Ахмедов М., Мусин Б. Бұл жылдары 10-11 сыныптарда Чапаев (қазіргі Саты), Абай, Қазан ауылдарының оқушылары келіп оқып жүрді.

Алғашқы мектеп  директорлары

1988 жылы  жобалық қуаты 640 орындық жаңа мектеп ғимараты салынып, көшірілді.

 Оқушылардың саны – 521. Екі аусымда білім алды. Мектепте 25 оқу кабинеті, 2 спортзалы, 100 орындық асхана, кітапхана, медициналық кабинет, психологиялық кабинеті. 1999 жылы лингафондық кабинетпен, 2007 жылы иньтербелсенді тақтамен, 2010 жылы мультимедиялық кабинетпен жабдықталды. Алғашқы компьютерлер 1998 жылы алынды.

Мектеп директорлары

1993 жылдан бастап мектепке Малайсары батыр аты беріліп, «Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп» болып атауы өзгертілді. 1999 жылы «Ақсарай» бөлімшесінде тұратын балалар үшін мектеп жанында интернат ашылды.

2008 жылы мемлекеттік  «Балапан» бағдарламасы бойынша 12 орындық мектеп жанындағы шағын орталық ашылды. 2010 жылы 10 орынға көбейіп, толық күнді 22 орындық болып өзгертілді. 2012 жылдан бастап толық күнді – 22, қысқартылған күнді – 25 тәрбиеленушіні қамтып отыр.

1932-2014  жылдар аралығында 18 адам басшылық етті: А.Бакин, Л.Замерлова, А.Сұлтанбеков, Қ.Асылханов, М.Бығияұлы, Қ.Шалшынбаев, М.Солтанов /1951-1954/, Ғ.Нұршайықов, Қ.Мұңсызов, Ө.Байтақов, Б.Ахметжанов, Ә.Қабаев /1956-1959/, С.Жүнісов, В.Яненко, Қ.Қазиханов /1965-1966/.Солардың ішінде көп жылдар қызмет атқарған директорлар: Арықбаев Ж.А. (1966-1984 ж.ж); Хамдеев Г.Х. (1981-1996 ж.ж.); Жаксымбетова М.К. (1996-2012). Бүгінгі таңда мектеп директоры болып, мектептің түлегі  – Ибраева Г.Р. жұмыс істейді.

Қазақ КСР-інің оқу ісінің үздігі атанған ұстаздар: Арықбаев Ж.А., Солтанов М.С., Нургожин Т.Н., Қабаев Ә.Қ., Бильтаев Ж.Б., Ибраева Д.А., Айтышева Қ.Ш., Парамонова Р.М., Хамдеев Г.Х., Белявский Д.Л.,         Татенова Н.Т., Айтуарова Қ.Ш. мектепте көп жылдары абыройлы жұмыс істеп, ардақты ұстаз ретінде зейнетке шықты.

Сапалы да мағыналы тәлім мен тәрбие берудің негізгі көзі – ұстаздар. Ұзақ жылдан бері қажымай еңбек етіп, мектептің әр ісіне сара жол қалдыра білген, жастарға үлгі болған тәрбиенің мықты тірегі – ұстаздар. Ардагер ұстаздарымыздың қатарында: Арықбаев Ж.А., Солтанов М.С., Нургожин Т.Н., Қабаев Ә.Қ., Бильтаев Ж.Б., Ибраева Д.А., Айтышева Қ.Ш., Парамонова Р.М., Хамдеев Г.Х., Белявский Д.Л., Татенова Н.Т., Айтуарова Қ.Ш., Есімханов Е.Е., Иманбаев Б.О., Сыздықов Ш.С., Айтуарова Қ.Ш., Төлеуов К.Т., Арынгазина Ж.Ш., Валиева М.М., Ахметова К.А., Ергалиева К.Е., Солтанова Р.М., Қасенова Р.Т., Узханова Ш.Н., Балтабаева Р.И., Жиенжанова Қ.Е., Керимханова З.К., Сарсекеева М.Ж. Ардагер ұстаздарымыздың мектеп тарихына сіңірген еңбектері зор. Ибраева Д.А. 1992 жылы  С.А.Назарбаеваның “Бөбек” қорын қолдай отырып, өз ауданының ядролық сынақ қасіретінің құрсауында болған   балалар үшін “Бөбек” қайырымдылық қорын құрып, 8 ауылға концерт қойып 3 млн. рубль қаржы түсіп, емге зәру балаларды емдетуге септігін тигізді. Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі алғашқы болып 1999 жылы Республикалық панорамалық сабақтар байқауына қатысты, 2000 жылы облыстық педагогикалық оқудың І орын иегері, І Республикалық педагогикалық оқудың дипломанты атанды.

2000 жылы мектеп жетістіктері бойынша облыстық рейтингтік сайысына қатысты. 2002 жылы М.К.Жаксымбетова мен С.А.Казангапова облыстық педагогикалық оқуларында оқыған баяндамаларымен «Қазақ мектебі: бүгінгісі мен болашағы» атты Республикалық конференциясына қатысты, баяндама жинаққа енгізілді.

2001 жылдан бастап облыстық «Денсаулықты нығайтушы мектептер» қатарына қосылды. 2006 жылы меткеп базасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша VІ облыстық конференциясы өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мектеп тәжірибесі М.К.Жаксымбетова мен Ж.М.Шарипбековамен жинақталып, таратылды, «Нәтижеге бағытталған білім» облыстық ғылыми жинаққа енді. Облыстық «Денсаулығы ең мықты мектеп» сайысының лауреаты (2013 ж.). Әр жылдардағы мектептің жеткен жетістіктері еленіп, марапатталып отырды: «Салауатты өмір салтының құндылықтарына баулу мақсатымен оны оңтайлы оқу жүктемесімен қамтамасыз еткен мектеп» (2006 жыл),  «Салауатты өмір салтын сапалы біліммен ұштастырып, білім беру саласындағы игі істердің ұйтқысыа айналған мектеп» (2007 жыл), «Білім берудің жаңа жүйесіне сай денсаулықты нығайтуға зор ықпал етуші мектеп» номинацияларымен (2008 жыл), «Көрікті және балаларға жылы шырайлы мектеп» облыстық конкурсының қатысушысы (2009 жыл), Республикалық «Балалар және жаз» байқауының жеңімпазы (2010 жыл), «2011-2012 оқу жылындағы ең нәтижелі білім беру ұйымы», «2011-2012 оқу жылындағы Тәрбие беру саласындағы игі істердің ұйтқысына айналған мектеп» номинацияларын иеленіп, 100 мың теңге сертификатымен марапатталды,  «Аудан алдындағы елеулі еңбегі үшін аудан әкімінің алғыс хаты (2012 жыл), «Білім беру қызметі нәтижелі, бәсекеге қабілеті зор жан-жақты мектеп» (2013 жыл), аудандық әскери-спорттық жарысында ІІІ орын (2013 жыл) иеленді.

1985 жылы мектептің алғашқы мұражайы ашылды. 1996 жылы өлкетану мұражайы болып өзгертілді. 2008, 2012 жылдары мұражай жаңартылды. Мұнда ауыл және мектеп тарихы бойынша бай дерек көзі жинақталған.

Мектеп түлектері арасында спортта бағы жанған азаматтары да аз емес.  Өмірбеков С.Б. – КСРО спорт шебері. Еркін күрестен облыстың  11 дүркін чемпионы, 1983 жылғы Қазақстан чемпионы, 1983-1984 жылдары Бүкілодақтық чемпионатының ІІІ орын иегері. Молодцов В.С. -жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері /2012/, Жеңіл атлетикадан облыстың бірнеше дүркін чемпионы. Семенхан Р. – еркін күрестен спорт шебері. 2004 жыл Павлодар қаласының чемпионаты еркін күрестен І орын. 2006 жыл Бүкілодақтық чемпионаты еркін күрестен І орын, 2005 жыл Бүкілодақтық  турнир ІI орын иегері. Омарханов Н. – еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер. 1998 жыл  Еркін күрестен Бүкілодақтық  чемпионатында І орын,  1999 жыл Бүкілресейлік  турнир еркін күрестен І орын, 2000 жыл Павлодар қаласының чемпионатында І орын иегері. Жакенова Сандуғаш – жеңіл атлетикадан облыс чемпионы (2012).

Мектеп командасы жыл сайын аудандық спорттық жарыстарда: волейбол, баскетбол, шахмат, шаңғы тебу, жеңіл атлетикада жүлделі орындарға ие.

Жас ұрпақты шығармашылық табысқа жетелеген, бүгінгі күні мектеп аясынан тыс, облыс, республика көлемінде танымал, жаңашыл ұстаздар: Өмірбеков С.Б. – жоғары санатты БӘД оқытушы –ұйымдастырушысы. Облыстық «Ең үздік БӘД оқытушы-ұйымдастырушысы» сайысының І орын иегері, «ДСАОЖО-на 10 жыл» медалімен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Ибраева Г.Р. – жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Облыстық «Талантты да  тағылымды  мұғалім»  интернет-фестивалінің дипломанты, Республикалық интернет қашықтық олимпиадасының   І дәрежелі диплом иегері (2013). Жетібаева А.А. – бірінші санатты психолог. Облыстық ғылыми – практикалық конференцияда І орын (2009ж), Бүкілресейлік интерактивті портал жобасы  ІІ дәрежелі диплом (2013ж), Облыстық “Үздік мектеп психологі” байқауы І дәрежелі диплом, Республикалық «Ең үздік жыл психологі» атты республикалық  байқауы “Үздік  практикалық іс-шара” номинациясының  (2013ж) иегері. Мукатаева М.И. – жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. Облыстық “Ертіс өңірінің компоненті” атты сайысының ІІІ дәрежелі диплом (2012ж), Республикалық интернет қашықтық олимпиадасында ІІ дәрежелі диплом (2013ж) иегері. Аушахманова Г.А. – бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі. Аудандық пән олимпиадасы   ІІІ орын (2007ж), І орын (2010ж) Облыстық педагогикалық оқулары  ІІІ дәрежелі диплом (2013ж) иегері. Аукенова А.Р. – бірінші санатты география пәнінің мұғалімі. І Халықаралық «Менің инновациялық сабағым» сайысының ІІ орын (2014 жыл) иегері. Қойлыбаева А.Т. – бірінші санатты биология пәнінің мұғалімі. Облыстық пән олимпиадасының ІІІ орын (2012 жыл) иегері. Мухамедова З.Д. – екінші санатты информатика пәнінің мұғалімі. Облыстық пән олимпиадасының ІІІ орын (2010 жыл) иегері. Океш М. – екінші санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі. “Педагогикалық идеялар облыстық интернет – фестивалі”  І орын (2012ж.) иегері. Урюмова С.Р. – бірінші санатты тәрбиеші. Аудандық «Үздік консультациялық пункт» сайысының І орын (2014ж.), Республикалық «Тәрбиеші болу – бақыт» сайысының ІІ орын (2014 ж.) иегері.

Мектеп тарихында халықаралық, республикалық, облыстық білім бәйгелерінің жеңімпаздары да баршылық: Махметов М. – І облыстық бастауыш сынып оқушылары арасындағы ана тілі пәнінен ІІІ орын иегері (2004 ж.).

Голик Д. – облыстық лингвистикалық олимпиадасының ІІ орын (2010 жыл) иегері. Облыстық шағын олимпиадада: Дөкеева  Л.- география пәнінен (2006), Солтанхан А.- информатика пәнінен (2010), Шарипова Ж. – биология пәнінен (2010)  ІІІ орынды иеленді.  Ронде К. – облыстық пән олимпиадасының ІІ орын (2013,2014 ж.ж.), облыстық шағын олимпиадасында ІІ, ІІІ орын (2013, 2014 ж.ж.), KATEV халықаралық қорының ұйымдастырған «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінде І орын (2014 жыл), облыстық кезеңінде ІІІ орын (2014 жыл) иегері, Республикалық пән олимпиадасының қатысушысы. Жеңіс Е. – облыстық «Абай оқуларының» І орын иегері (2012 жыл), Республикалық кезеңнің қатысушысы. Жетібаев Қ. – Республикалық «Қазақстан, Әскер, Отаншылдық» шығармалар бәйгесінің жеңімпазы (2011 жыл), аудандық пән олимпиадасының ІІІ орын (2011 жыл), облыстық интеллектуалдық марафонының ІІІ орын (2011 жыл) иегері. Лукманов З.  –«Тіл – мемлекет тәуелсізідігінің символы» атты VІІІ  Республикалық олимпиадасының ІІІ орын (2014 жыл) иегері. Таджанов Р. – «Менің елім,  менің президентім» облыстық мәнерлеп оқу сайысының І орын (2013 жыл), KATEV халықаралық қорының ұйымдастырған «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінің І орын (2014 жыл) иегері. Волкова М. – орыс тілінен облыстық шығарма сайысының ІІ орын (2013 ж.), орыс тілі пәнінен облыстық шағын-олимпиадада І орын  (2014 жыл) иегері. Махметова Д. – KATEV халықаралық қорының ұйымдастыруымен өткізілген «Жарқын болашақ» олимпиадасының аудандық кезеңінде ІІІ, ІІ орын (2013,2014 ж.), облыстық шағын олимпиадасында математика пәнінен ІІІ орын, қазақ тілі пәнінен ІІ орын (2014 ж.), химия пәнінен аудандық пән олимпиадасында ІІІ орын иегері. Галиева Г. – география пәнінен облыстық шағын олимпиадасында ІІІ орын иегері (2014 ж.). Жыл сайын мектеп оқушылары халықаралық интеллектуалдық марафондардың: «British Bulldog», «Ақбота», «Адам және Табиғат», «Кенгуру-лингвист» облыстық интеллектуалдық марафонының жүлделі орындарын иеленіп жүр.

«Болашақтың басшысы мен данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісі мен кеншісін де ұстаз береді»,- деп халқымыздың аңыз ұлы Бауыржан Момышұлы айтқандай, ең бастысы ел сенімін ақтап, ата даңқын шығарар, тәуелсіз еліміздің  болашағын алға апарар, білімді  парасатты  ұрпақ тәрбиелеу- мектеп ұжымының басты парызы.

This entry was posted in Мектеп туралы. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.