Психологиялық тренинг

«Жетістік жолы» психологиялық тренинг

             Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің тың өзгерістеріне және оның әлеуметтік-қоғамдық жағдайына байланысты 9 сынып оқушыларына оқу жетістіктерін сырттай бақылау қолданылуда. Оқушыларды  психологиялық  тұрғыда дайындау өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан да   тестке дайындық кезеңінде оқушылардың мінез-құлық стратегиясы мен практикасын өңдеу, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бақылау дағдысын оқыту, өзіне сенімділігін арттыру мақсатында практикалық тренингтер өткізуде.           Малайсары жалпы орта білім беретін мектебінде 9 сынып түлектерімен оқу жетістіктерін сырттай бақылау алдындағы күйзелісті жағдаймен, үрейлі сезімдерінен айықтыруға арналған психологиялық тренинг өткізілді.        Емтихан алдында қорқынышты , абыржуды азайтуға жәрдемдесу, өзін-өзі бақылау дағдыларына үйрету, олардың өзіне, өз күшіне деген сенімділігін арттыру мақсатында релаксация, аутотренинг,ароматерапия, психологиялық жаттығулары қызықты да тартымды өтті.Қызықты слайдтар, бейнеролик көрсетіліп,  оқушыларды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берілді. Оқушылар тренинг барысында  ішкі мәселелерін ашық айтып, түрлі жағдаяттарды талқылап, жақсы әсер алғандарын жеткізді.

This entry was posted in Психологиялық қызмет. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.