«Жер Ана- ортақ үйіміз, табиғат- тылсым жұмбағы» атты жаратылыстану декадасы (2)

222

 

«Жер Ана- ортақ үйіміз, табиғат- тылсым жұмбағы»

атты жаратылыстану декадасы

 

“Табиғат ғылымдарын білу шарт, өйткені

ол адамға ең жақын, ең қажет ғылым.”

                                                                                                                                                                                              Ш.Уәлиханов

 

Малайсары жалпы орта білім беру мектебімізде жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасап, танымдық белсенділігін арттырып, қабілетті оқушыларды ізденіске жетелеу мақсатында  жаратылыстану пәндер бірлестігінің «Жер Ана- ортақ үйіміз, табиғат- тылсым жұмбағы» декадасы өтті. 

Жаратылыстану пәндері декадасында оқушылар жасаған қабырға газеттері мен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндеріне қатысты жаңалықтар, пайдалы және қызықты мағлұматтар жазылған көрме жасалды.

 

   333Декаданың ашылуы салтанаты сабақтан кейін «Жақсы білім іздеуге жалықпайық» атты тақырыпта жаратылыстану қызықтары, құбылыстары, жаратылыстану туралы қисынды ойлар көріністер, пәндік ерекшеліктеріне байланысты өлеңдер оқылып, тәжірибелер көрсетілді. Мектеп директоры Г.Ибраева оқушыларға жаратылыстану декадасының ашылу салтанатымен құттықтап, болашақта білімді, білгір, дені сау, өз істеріне жауапты, қандай да жағдайда өз мәселесін шеше алатын азаматтар болуларына тілек білдірді.

 

 

«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келген жас мамандар К.Т. Абдрахманов «Рационал сандарды бөлу», Аубакирова Ж.Т. «Қарапайым мәтіндік редакторы», Ш.Т. Карипбаева «Бұлшық ет, оның типтері, құрылысы мен маңызы» тақырыптарында АКТ мүмкіндіктерін пайдалана отырып ашық сабақтар өткізіп, іс- тәжірибелерімен бөлісті.

Елбасы «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында: «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек»,-деген еді. Осы ойды басшылыққа ала отырып, ІІІ деңгей бағдарламасы бойынша курсты аяқтаған география, тарих пәнінің мұғалімі А.Р.Аукенова 7 модуль идеясы бойынша 6 сыныпта «Таулар» тақырыбында, оқушыларды сындарлы ойлауға, өзіндік ізденуге бағытталған сабақ өткізді.

 

444Сонымен қатар оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытып, ой-өрістерін кеңейту мақсатында биология пәнінен «Брейн-ринг», информатика пәнінен 5-7 сыныптарға арналған «Алтын қақпа», математика пәнінен 5-7 сыныптар үшін «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар», география пәнінен 6-8 сыныптарға арналған «Озық ойлы озаттар»,8-11 сыныптар үшін физика пәнінен «Физика за чашкой чая» атты интеллектуалды ойындар қызықты, мағыналы,өмірге бейімді,құзырлы түрде және әр түрлі формада ұйымдастырылып өткізілді. Декада барысында 5-11сынып оқушылар қызығушылықпен, белсенділікпен қатысты. Жаратылыстану пәндеріне байланысты шығарған өлеңдер мен скечтер көңіл көтере отырып, оқушылардың шығармашылығын арттыра түсті. Белсенділік, қызығушылық танытқан 8- сынып оқушылары Галиева Г., Жетыбаев А., Волкова М., 9- сынып оқушылары Өмірбеков Ә., Махметова Д., Омаров Б., Өмірбекова Ә., Бистиев Б., Үрімова Л, Д.Солтанов,  6-сыныптан Ниязов М., Дебрецени Б., Кабденова Ж., декада қорытындысы бойынша диплом, сыйлықтармен марапатталды. 

Декада оқушылардың жан-жақты дамуына үлес қосып, жаратылыстану пәндеріне деген көзқарасы мен қызығушылығын арттырды деген ойдамыз.

 

 География, тарих мұғалімі,

«Жаратылыстану-математикалық»

ӘБ жетекшісі А.Р. Аукенова

 


 

 

This entry was posted in Басты. Bookmark the permalink.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.